Егеменді еліміздің тарихындағы биылғы Жолдау ерекше болды, себебі осы жылы ғана ең алғаш сайланған Құрылтай депутаттары қатысқан тарихи маңызға ие құжат болып табылады

Басты Бет

Егеменді еліміздің тарихындағы биылғы Жолдау ерекше болды, себебі осы жылы ғана ең алғаш сайланған Құрылтай депутаттары қатысқан тарихи маңызға ие құжат болып табылады

Егеменді еліміздің тарихындағы биылғы Жолдау ерекше болды, себебі осы жылы ғана ең алғаш сайланған Құрылтай депутаттары қатысқан тарихи маңызға ие құжат болып табылады. Біздің мектебіміздің ұстаздары еліміздегі басты өзгерістерді үнемі қадағалап отырады. Сондықтан да биылғы Жолдауды асыға күтіп, білім саласындағы мемлекет басшысының тапсырмаларын мұқият тыңдап отырдық.
Мемлекет басшысы білім беру саласы мен ұстаздардың мәртебесіне тағы да айрықша назар аударды. Президент кез келген білім реформасының негізгі мақсаты — мұғалімдердің жағдайын жақсарту болуы керек екенін шегелеп айтты. Бұрынғы дәстүрлі «қағазбастылықтың» орнын енді әртүрлі платформалар мен цифрлық жүйелерге енгізілетін шексіз есептер басып кетті. Президент бұл жағдайды ашық сынға алды. Ұстаздың негізгі миссиясы - есеп толтыру емес, балаға сапалы білім мен тәрбие беру. Жаңа реформалар мұғалімнің жұмысын ауырлатпай, керісінше жеңілдетуге бағытталады.Соңғы уақытта мектеп қабырғасында мұғалімдерге дөрекі сөйлеу, негізсіз кінә тағу және психологиялық қысым көрсету жағдайлары жиілеп кетті. Президент бұған мүлдем жол бермеу керектігін айтты. Мұғалімге қамқорлық жасау - болашағымыздың қамын ойлау. Қазіргі уақытта педагогтердің құқығын қорғауды күшейтетін заңнамалық шаралар қарастырылуда. Жаңа технологиялар дәуірінде мектеп қабырғасында оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру — кезек күттірмейтін мәселе.
Сонымен қатар Көкшетау - Петропавл тас жолының кеңейтілетіні туралы тапсырмасы өте өзекті мәселе, себебі жол – экономиканың күретамыры болып есептеледі. Өңіріміздің әл – ауқатының дамуына әсер ететін ерекше фактордың бірі - жол.

Нургожин Ғалым Маруарович,
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі