«ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «100 КІТАП» МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫС!

Басты Бет

«ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «100 КІТАП» МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫС!

«ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
«100 КІТАП» МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫС!

Оқы! Дамы! Жеңіске жет!
Құрметті 2–11-сынып оқушылары! Сіздерді әдебиеттің ғажайып әлеміне саяхат жасауға, білімдеріңізді арттыруға және кітап оқуға деген сүйіспеншіліктеріңізді дамытуға бағытталған «100 кітап» байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқауға қатысу шарттары:
• Өз жас ерекшелігіңе сәйкес ұсынылған тізімнен кітап таңдау;
• Кемінде 12 кітап оқу;
• Оқырман күнделігін жүргізу;
• Оқыған кітаптарың туралы бейнепікір түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау.
Қосымша ұпай: жарияланған әрбір бейнепікір үшін +5 ұпай!
БАС ЖҮЛДЕ — ВЕЛОСИПЕДТЕР!
Кіші топ — 2–5-сыныптар.
Орта және жоғары топ — 6–11-сыныптар.
Кемінде 12 кітап оқыған қатысушылар естелік сертификаттармен марапатталады. Жекелеген номинациялар жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Байқау мерзімі: қараша 2026 – мамыр 2027.
Марапаттау рәсімі 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні өтеді.
Достар, байқауға белсенді қатысыңдар! Кітапты сүйіп оқыңдар, өз әсерлеріңмен бөлісіңдер және әрбір кітап жаңа білім мен үлкен жетістіктерге бастасын!
Оқитын ұлт — озық ұлт!