Мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай ұлттық рухты асқақтатқан, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатқан салтанатты іс-шара өтті

Басты Бет

Мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай ұлттық рухты асқақтатқан, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатқан салтанатты іс-шара өтті

Мектебімізде 25 қазан – Республика күніне орай ұлттық рухты асқақтатқан, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатқан салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік бағдарлама ең алдымен ерекше толқынысты сәттен басталды: 5-сыныптардың 13 оқушысы «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына, ал бастауыш сыныптардың 13 оқушысы «Жас Қыран» қатарына салтанатты түрде қабылданды! Оқушылар жүрекжарды ант беріп, олардың мойындарына көгілдір галстук тағылып, төсбелгілері табысталды.
Салтанатты жиыннан соң мерекелік шара 10 команда қатысқан «Патриоттық әндер» байқауына ұласты. Сайыскерлер Отан мен туған жер туралы әуезді де жігерлі әндерін шырқап, көрермендерге уыздай әсер мен ерекше эмоция сыйлады.
Өнер сайысының қорытындысы бойынша тартысты өнер көрсетіп, жүзден жүйрік шыққан 10 «А» сынып қыздары Балтабай Айсара мен Омарова Аяжан ГРАН-ПРИ иегері атанды!
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының жаңа мүшелерін, сондай-ақ байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымызға еліміздің көк туын көкте желбіретер патриот, білімді де саналы азамат болуды тілейміз!
Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз! Елімізге бейбітшілік, өркендеу және жарқын болашақ тілейміз!