Толассыз қол шапалақтау, алғыс сөздер және нағыз мерекелік көңіл-күй — мектебіміз сүйікті ұстаздарын дәл осылай құттықтады! Ұстаздар күніне арналған концерт жай ғана іс-шара емес, әрқайсымыздың жадымызда ұзақ сақталатын ерекше оқиғаға айналды.
Сахна төрінде ғажайып атмосфера орнады: жан тебірентерлік әндер шырқалып, оқушылар мектеп өмірінен алынған жарқын әрі күлкілі көріністерімен көрермендерді қуантты. Ал бағдарламаның басты тосын сыйы — мектеп парламенті дайындаған нағыз қысқаметражды фильм болды!
Әрбір нөмірден ұстаздарға деген шынайы сүйіспеншілік, құрмет пен шексіз алғыс сезіліп тұрды. Осындай тамаша мерекені ұйымдастырған талантты жанары жалындаған барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға мың алғыс!
Құрметті ұстаздар, мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз! Әр күндеріңіз осындай жарқын әрі қуаныш пен күлкіге толы болсын!