Көзді ашып-жұмғанша уақыт сырғып өте шықты, сонымен мектебіміздегі «Тілдер онкүндігі» де өз мәресіне келіп жетті!

Басты Бет

Бұл күндер – тек білім жарысы ғана емес, нағыз достық пен ынтымақтың, тапқырлық пен танымның мерекесіне айналды. Онкүндік аясында Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары үшін алуан түрлі танымдық іс-шаралар, зияткерлік ойындар мен тартысты сайыстар ұйымдастырылды. Ең қызығы, оқушыларымыз топ-топқа бөлініп, сөз маржанын теріп, өздерінің тіл байлығын паш етті. Олардың ұшқыр ойы мен логикасы, жеңіске деген талпынысы мен тамаша ауызбіршілігі шын мәнінде көз қуантты! Жас білімгерлеріміздің ізденімпаздығы мен ынтасын көріп, бойымызды ерекше мақтаныш сезімі биледі. 

«Еңбектің наны тәтті» демекші, тартысты доданың қорытындысы бойынша ең белсенді әрі оза шапқан топтар арнайы купондармен және дәмді тәттілермен марапатталды! Балалардың жүзіндегі шат күлкі мен жеңіс қуанышы – біз үшін ең үлкен марапат. Осы айтулы шараға белсене қатысқан барша оқушыларға және оны ұйымдастырған ұстаздар қауымына зор алғысымызды білдіреміз!

Тіл — мәдениет пен өзара түсіністіктің алтын көпірі. Құрметті оқушылар, тіл үйренуге деген ынта-жігерлеріңіз ешқашан сарқылмасын, білім шыңына жете берсін!