Ағымдағы жылдың 15-20 тамызы аралығында Қызылжар ауданының аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу

Басты Бет

Ағымдағы жылдың 15-20 тамызы аралығында Қызылжар ауданының аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу

Ағымдағы жылдың 15-20 тамызы аралығында Қызылжар ауданының аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың жол-көлік жарақаттануын болдырмау және жол қозғалысына қатысушы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Назар аудар, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балалармен, ата-аналармен және көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолда қауіпсіз жүріп-тұру, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану және балаларды автокөлікте арнайы балаларды ұстап тұратын құрылғылар арқылы тасымалдау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауына, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін орындауына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, аула аумақтарының және балалар көп жиналатын орындардың маңында барынша сақтық танытуына ерекше назар аударылады.
Құрметті ата-аналар мен көлік жүргізушілері! Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыстың үлгісін көрсетейік!