Бүгін – 10 тамыз, ұлы ақын, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні!
Абайдың әрбір сөзі – өсиет, әрбір өлеңі мен қара сөзі – сарқылмас тәрбие көзі. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті; ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деген ұлы ақынның «Толық адам» суреттемесі – бүгінгі біз тәрбиелеп отырған саналы, білімді, отаншыл ұрпақтың басты бағдары. Абай мұрасы – ғасырлар өтсе де өзектілігін жоғалтпайтын, рухымызды асқақтатар асыл қазына.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Баршаңызды Хакім Абай күнімен құттықтаймыз! Абайдың даналыққа толы сөздері жүрегімізге нұр, көңілімізді жігерлендіре берсін!