Қызылжар ауданы аймағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Басты Бет

Қызылжар ауданы аймағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылжар ауданы аймағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қызылжар ауданының аумағында 2026 жылғы 18-20 маусым аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ заңнама талаптарын бұза отырып ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізеді.
Сонымен қатар жасөспірімдер қылмысының алдын алу, қолайсыз отбасыларды анықтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатудың жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қайда жүргеніне назар аударып, олардың бос уақытын бақылауда ұстауға және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне жол бермеуге шақырамыз.