Қанаттарың талмасын, Жас түлек — 2026!

Басты Бет

Қанаттарың талмасын, Жас түлек — 2026!

Мектебімізде ең тебіреністі әрі ұмытылмас мерекелердің бірі — 11-сынып түлектерінің  аттестаттарын табыстау рәсімі өтті! Мектеп өмірінің парағын жауып, үлкен өмірдің жаңа тарауын бастайтын сәт те келіп жетті.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, үлкен гүл шоқтарымен мектеп табалдырығын аттаған үркіп қана қараған бүлдіршіндер сияқты еді... Ал бүгін алдымызда өзіне сенімді, сұлу да сымбатты, мақсаты айқын бойжеткендер мен азаматтар тұр. 11 жыл ішінде алтын ұя мектеп олардың екінші үйіне, ал сыныптастар бір-біріне нағыз туған бауырдай болып кетті.

Салтанатты кеште мектеп директоры Ермағанбетова Алмагүл Күлбековна түлектерге ақ жол тілеп, жылы лебізін білдірді. Ол әр оқушының мектепке сіңірген еңбегін, таланты мен зор әлеуетін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, осы жылдар бойы балаларды білім шыңына жетелеп, әрбір жеңісіне бірге қуанып, қиын сәттерде демеу болған ардақты сынып жетекшілеріміз — Осипова Мансия Өмірбайқызы мен Онищенко Альбина Николаевнаға шексіз алғысымызды білдіреміз! Сарқылмас төзімділіктеріңіз, даналықтарыңыз бен жүрек жылуларыңыз үшін рахмет! 

Қымбатты түлектер! Біз сіздерді қимастықпен әрі үлкен мақтанышпен шығарып салып жатырмыз. Ұстаздарыңыз берген білім мен құндылықтар болашақтағы жеңістеріңіздің берік іргетасы болсын!Барлық жоспарлаған армандарың орындалып, мақсаттарың айқын болсын!

ҰБТ-ны сәтті тапсырып, қалаған жоғары оқу орындарына түсулеріңізге тілектеспіз!

Алға қадам басудан еш қорықпай, жаңа шыңдарды бағындыра беріңіздер!

Мектеп есігі сіздер үшін әрдайым ашық! Ақ жол, Жас түлек!