«Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы
«Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу және кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер, тексерулер және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ерекше назар кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің, сондай-ақ электрлі велосипедтерді, электрсамокаттарды және өзге де жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылардың Жол жүрісі қағидаларын сақтауына аударылуда.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында және балалар көп жиналатын орындарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Балаларға электрлі велосипедтер мен электрсамокаттарды қауіпсіз пайдалану тәртібі, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары және жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілуде.
Құрметті ата-аналар! Балаңызға электрлі велосипед немесе өзге де жеке мобильділік құралын сатып алмас бұрын, оның қауіпсіздік талаптарын білетініне және сақтайтынына көз жеткізіңіз. Қорғаныш құралдарын (шлем, тізелік, шынтақтық және т.б.) пайдалануды қадағалаңыз. Балалардың арнайы дағдыларсыз және заңнамада көзделген жағдайларда тиісті құқықсыз көлік құралдарын басқаруына жол бермеңіз.
Балалардың қауіпсіздігі – ата-аналардың, педагогтердің және полиция қызметкерлерінің ортақ міндеті. Жол жүрісі қағидаларын сақтау, мұқияттылық пен жауапкершілік балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Балаларыңызды қорғаңыздар және жолда абай болыңыздар!