Мектеп ауласы — күлкі мен қуаныш мекені!
Бүгін мектебіміздің алаңы балалардың сыңғырлаған күлкісіне, шығармашылық пен шексіз қуанышқа толған нағыз мереке орталығына айналды. Таңертеңнен бастап әуезді музыка шырқалып, айнала сондай ерекше күйге енді, тіпті үлкендердің өзі күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, бір сәтке балалық шаққа саяхат жасағандай болды!
Бүгінгі өткен іс-шарамыз өте көңілді әрі қызықты өтті, соның бір үзіндісімен бөлісейік:
Мектеп алаңындағы би бірінші сынып оқушыларынан бастап, болашақ түлектерімізге дейін — бәрінің басын қосты. Оқушылардың энергиясы мен қуанышында шек болмады!
Асфальт бетінде бормен салынған ғажайып суреттер галереясы пайда болды. Жарқыраған күн, бейбітшілік, жылы жымиыс және, әрине, сүйікті мектебіміз — бүгінгі туындылардың басты тақырыбына айналды.
Командалық рух, шынайы жарыс және адал достардың қолдауы. Бүгінгі жарыста жеңілгендер болған жоқ, өйткені ең бастысы — ұмытылмас әсер мен жарқын эмоциялар!
Балалық шақ — ғажайыптарға сенетін және әлемді ең ашық түстермен көретін сиқырлы кезең. Бүгін біз бірлесе отырып, бұл күнді бұрынғыдан да нұрлы ете түстік!
Барлық оқушыларға шынайы күлкілері үшін, мұғалімдерге осы мерекені ұйымдасты