Бүгін мектеп қабырғаларында осы оқу жылының ең толқынысты, салтанатты және тебіреніске толы — Соңғы қоңырау салтанаты өтті.
Мерекенің барлық назары мен жүрегін жаулаған басты кейіпкерлері — біздің 11-сынып түлектері болды. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымыз бүгінгі күні ересек, мақсатқа ұмтылған, дарынды қыз-жігіттерге айналды.
Қымбатты түлектеріміз! Әрқайсыңыз өз өмірлік жолыңыз бен шынайы таңдауыңызды табатынына кәміл сенеміз. Қиындықтардан қорықпай, өз күштеріңізге сеніңіздер, алға ұмтылып, армандарыңызға нық қадам басыңыздар! Мектептегі шынайы достықты ұмытпай, туған мектептеріңіздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық екенін есте сақтаңыздар! Алдағы маңызды емтихандарда үлкен жеңістер тілейміз!
Он бірінші сынып оқушыларына арналған ақ тілектерден кейін, салтанатты жиында жыл бойы оқуда және мектеп өмірінде ерекше көзге түскен шәкірттерге лайықты марапаттар табыс етілді.
Мектеп директоры Ермаганбетова Аягөз Күлбековна жыл бойы еңбегімен дараланған үздіктер мен белсенді оқушыларды марапаттап, ақ жол тіледі. Бағындырған белестеріңіз құтты болсын!
Барлық оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!