ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ — 2026

Басты Бет

ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ — 2026

ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ — 2026
Бүгін мектебімізде білім мен өнердің ең жарық, ең өршіл жұлдыздары жарқырап, айналасын шабыттандырды! Көптен күткен дәстүрлі «Жұлдыздар шеруі-2026» салтанатты марапаттау рәсімі өз мәресіне жетті. Саналы білімімен, қажымас қайратымен және таудай талабымен мектебіміздің мәртебесін асқақтатып, мақтанышына айналған шәкірттерімізге лайықты құрмет көрсетілді.
Бұл оқу жылы біз үшін өте жемісті болды, сахна төрі таланттарымызға тарлық еткендей көрінді! Марапаттар өз иелерін төмендегі негізгі бағыттар бойынша тапты:
«Ғылыми элита» — пәндік олимпиадалардың, республикалық және облыстық ғылыми жобалардың («Зерде», «Абай оқулары», «Мың бала») жеңімпаздары мен жүлдегерлері, біздің білімді де зерек оқушыларымыз. 

«Шабыт және дарын» — робототехника байқауларында, экофестивальдер мен шығармашылық сайыстарда қазылар алқасын тәнті етіп, бас жүлделерді иеленіп жүрген креативті, ізденімпаз әрі өнерлі өрендеріміз;
«Олимп» — біздің темірдей төзімді спортшыларымыз: еркін күрестен ҚР және облыс чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері , сондай-ақ Республикалық мектеп лигасының шыңын бағындырған қыздар құрама командасы!;