Республикалық экологиялық «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күндері» акциясы аясында бүгін мектебіміздің аумағында ағаш отырғызу жұмыстары өткізілді
Іс-шараға мұғалімдер мен оқушылар белсене қатысып, мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде отырғызылған көшеттер – табиғатқа деген қамқорлықтың және еліміздің болашағына жасалған маңызды қадамның белгісі.
Осындай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттырады. Әрбір қатысушы ортақ іске өз үлесін қосты.