Бүгін «Таза су үшін қоғам үні» жобасы аясында Қызылжар Абай орта мектебінде экологиялық тренинг өткізілді, оған қоса профориентациялық элементтер де қамтылды.
Бұл жай ғана сабақ емес, нағыз интерактивті зерттеу жұмысына айналған шара болды. Оқушылар жұмысқа белсенді қатысып, кроссворд шешті, судың біздің өміріміздегі маңыздылығын талқылады және «миф немесе шындық» форматында өз білімдерін тексерді.
Ең қызықты бөлім – практикалық жұмыс болды. Оқушылар тест-жолақтарының көмегімен әртүрлі су көздерінен алынған судың экспресс-талдауын өздері жүргізді. Нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасап, тіпті мөлдір судың өзі әрдайым қауіпсіз бола бермейтінін түсінді.
Сабақ соңында қатысушылар өздерін «экологиялық детективтер» ретінде сынап көрді: нақты жағдайларды талдап, мәселенің себептерін анықтап, шешу жолдарын ұсынды. Бұл тек білім алып қана қоймай, оны өмірде қолданудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Осындай кездесулер балалардың ерте жастан экологиялық ойлауын қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретеді
Белсенділік танытып, қызығушылық білдірген барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!