2026 жылғы 23 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде «Құстарға арналған ұя» экологиялық акциясы өтті

Басты Бет

2026 жылғы 23 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде «Құстарға арналған ұя» экологиялық акциясы өтті

2026 жылғы 23 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде «Құстарға арналған ұя» экологиялық акциясы өтті.

Іс-шара барысында оқушылар биология мұғалімі Жолмұқан Гаухар Оралқызымен бірге мектеп аумағына құстарға арналған ұяшықтарды орнатып, құстарға және қоршаған ортаға қамқорлық танытты.

Акцияның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін дамыту.