Бүгін мектебімізде 6-7 сынып оқушылары арасында «Әдеби викторина» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу және ой-өрісін кеңейту. Викторина барысында қатысушылар қазақ және әлем әдебиеті бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Оқушылар белсенділік, ұйымшылдық және білімге деген құштарлықтарын танытты. Әр команда жақсы дайындықпен келіп, сайыс қызықты әрі тартымды өтті.
Әдеби викторинаның жеңімпаздары 6-сынып оқушылары атанды! Оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, оқуда және шығармашылықта толағай табыс тілейміз!
Кітаппен дос болайық!