23 сәуір — Ұлттық кітап күні!

Басты Бет

23 сәуір — Ұлттық кітап күні!

23 сәуір — Ұлттық кітап күні!

Бүгін біздің мектебімізде ерекше таң басталды: бірінші сабақ алдында оқушылар мен мұғалімдер 10 минут бойы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды.

Ақынның рухани мұрасын білу — бұл тек оқу емес, бұл оның терең ойлары мен көркем тіліне бойлау. Мағжан шығармалары жас ұрпақты Отанды сүюге, ана тілін ардақтауға және ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген махаббатын оятып, әдебиетке деген қызығушылығын нығайтады.

Кітап — білім бұлағы, ал поэзия — халық жанының айнасы!