Мектебімізде «Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында 5-6 сыныптар арасында «Әдеби кейіпкерлер» атты танымдық квест ұйымдастырылды.
Балалар түрлі тапсырмаларды орындау барысында кітап кейіпкерлері әлеміне саяхат жасап, зеректігі мен ауызбіршілігін байқатты.
Бұл шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кітаптың сиқырлы әлеміне деген құштарлығын арттыра түсті!