Бүгін мектебімізге РОО өкілдері 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өтті

Басты Бет

Бүгін мектебімізге РОО өкілдері 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өтті

Бүгін мектебімізге РОО өкілдері — әдіскер Кусаинова Арайылым Нурлановна, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Какжанов Жамбул Какимович және Петерфельд ауылдық округінің учаскелік инспекторы Канафин Алтынбек Шахимаранович болып, 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар, жолдағы қауіпсіздік ережелері, жарақаттанудың алдын алу, бұзақылық әрекеттерге жол бермеу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, бопсалау мәселелері, сондай-ақ ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүрудің жауапкершілігі туралы маңызды тақырыптар қарастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың сыртқы келбет талаптарын сақтау және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері туралы да айтылды.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауына, заңды құрметтеуіне және жеке қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелейді.