Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: Жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар білімнің қоғамдағы маңызы, оның мемлекет дамуының негізгі тірегі екендігі туралы терең ой қозғады. Сонымен қатар, жаңа Конституцияда айқындалған білім беру саласындағы басымдықтар талқыланып, әрбір жас азаматтың сапалы білім алуға құқығы мен жауапкершілігі сөз болды.
Оқушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, болашақтағы мақсаттары мен ел дамуына қосар үлестері туралы ой бөлісті. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.