7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулықты сақтау күні
7 сәуір – бүкіл әлемде аталып өтетін Дүниежүзілік денсаулықты сақтау күніне орай мектебімізде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Таңертең барлық оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен мектепішілік сергіту сәті – физминутка өткізілді. Бұл жаттығу күні бойы сергек жүруге, денсаулықты нығайтуға ерекше серпін берді.
Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары арасында қызықты әрі тартысты эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, балалар өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетті.
Сонымен қатар, “Адал азамат” бағдарламасы аясында «Салауатты өмір салты – табысты өмірдің кілті» тақырыбында жалпы республикалық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу және белсенді өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Мектебімізде өткізілген бұл іс-шаралар оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Денсаулық – зор байлық!