Хабарландыру
2026 жылдың 19–28 наурыз аралығында Қызылжар ауданы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
• қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу;
• балалардың тәрбиесі мен дамуына кері әсер ететін факторларды анықтау.
Іс-шара аясында мектепте:
• бірлескен рейдтік іс-шаралар;
• профилактикалық түсіндіру жұмыстары;
• құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер ұйымдастырылады.
Іс-шараларға білім беру ұйымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.
Балалардың қауіпсіздігі мен тәртібі — баршамызға ортақ жауапкершілік!
Ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға шақырамыз.