8 наурызға арналған мерекелік концерт
Мектебімізде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – мейірім мен жақсылықтың қайнар көзі» атты мерекелік концерт өтті.
Бұл көктемгі іс-шара ең қымбат жандарымызға — аналарға, әжелерге, ұстаздарға және барша аруларға арналды. Оқушылар жүрекжарды құттықтауларын айтып, әсем әндер шырқап, би билеп, түрлі шығармашылық өнерлерін ұсынып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Концерттік бағдарламада ана туралы әсем әндер орындалып, бишілер өнер көрсетті. Сонымен қатар, домбырашылар ансамблі халық күйлерін орындап, кештің сәнін арттырды.
Жиналған қауымды мектеп директоры Ермаганбетова Аягөз Кульбековна құттықтап, барлық әйелдерге зор денсаулық, бақыт және көктемгі шуақты көңіл күй тіледі.
Мерекелік концерт қонақтарға әдемі тарту болып, залды жылулыққа, қуаныш пен ризашылыққа бөледі.
Барша аналарды, әжелерді және аруларды 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Үйлеріңізде әрдайым махаббат, бақыт және береке орнасын!