«Заң және тәртіп» идеялық қағидасын іске асыру аясында 2026 жылғы 03 наурызда мектебіміздің оқушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған аудандық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысу арқылы өз білімдерін сынады

Басты Бет

«Заң және тәртіп» идеялық қағидасын іске асыру аясында 2026 жылғы 03 наурызда мектебіміздің оқушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған аудандық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысу арқылы өз білімдерін сынады.
«Заң және қоғам: оқушының құқықтық мәдениетінің негіздері» атты олимпиадаға 5–7 және 8–9 сынып білім алушылары қамтылды.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық мәселелеріне деген қызығушылығын арттыру және күнделікті өмірде заңды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Қатысушылар заңнаманың негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері бойынша білімдерін, сондай-ақ құқықтық ойлау дағдыларын көрсетті.