«Қауіпсіз маршрут»

Басты Бет

«Қауіпсіз маршрут»

«Қауіпсіз маршрут»
Біздің мектебімізде 5–9 сынып оқушыларына арналған «Жол қозғалысы ережелері» атты интерактивті ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру және жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін бекіту.
Едрисова М.К. мен Сериков А.Н. ұйымдастырған интерактивті ойын барысында оқушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындап, жол белгілерін қайталап, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін талқылады. Сабақ қызықты әрі танымдық форматта өтті.