Бүгін 9–11 сынып оқушыларына «Закладчиктер. Ана…» атты фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Фильм құқықбұзушылықтың алдын алуға және өз іс-әрекеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Көркем туынды заңсыз әрекеттердің қандай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ олардың тек адамның өзіне ғана емес, оның жақындарына да тигізетін әсерін айқын көрсетті.