Біздің мектебімізде «Жауапкершілік пен заң» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында салықтар мен салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналған инфографикалар таратылды. Қатысушылар салықтық сауаттылықтың негіздерімен, салықтарды уақытылы төлеудің маңызымен және әрбір азаматтың мемлекеттің дамуына қосатын үлесімен танысты.