Біздің мектебімізде «Заң және тәртіп» тақырыбында мектепішілік дебат өтті

Басты Бет

Біздің мектебімізде «Заң және тәртіп» тақырыбында мектепішілік дебат өтті

Біздің мектебімізде «Заң және тәртіп» тақырыбында мектепішілік дебат өтті.
Осы тақырып аясында қатысушылар келесі резолюцияны талқылады:
«Бұл үкімет оқушылардың мектепте смартфон қолдануына тыйым салады».
Қатысушылар «жақтаушы» және «қарсы» топтарға бөлініп, әрқайсысы өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғады. Дебат барысында оқушылар тәртіп, оқу мотивациясы, цифрлық сауаттылық, оқушылардың құқықтары және заманауи технологиялардың білім берудегі рөлі туралы ой қозғады.
Талқылау әсерлі әрі мазмұнды өтті: нанымды дәлелдер, мектеп өмірінен алынған мысалдар және ойластырылған қарсы уәждер айтылды.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға белсенділік танытқандары үшін, қызықты идеялар мен пікірталас мәдениеті үшін алғыс білдіреміз!