Кеше мектебімізде 5–11-сынып оқушыларымен құқық қорғау органдары мен ішкі саясат бөлімі өкілдерінің кездесуі өтті.
Іс-шараға:
прокурордың орынбасары — Тастанбеков Рустам Сабитович
полицияның учаскелік инспекторы — Канафин Алтынбек Шахимаранович қатысты.
Кездесу барысында мектептегі қорлау мен бопсалау үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай әрекеттер үшін заңда көзделген жауапкершілік түрлерін түсіндіріп, даулы жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау керектігі, көмекке қайда жүгіну және өз құқықтарын қалай қорғау қажет екені туралы жан-жақты мәлімет берді.
Сондай-ақ оқушыларға қысым көрсету, қорқыту немесе қорлау фактілері болған жағдайда бұл туралы сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне және құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлаудың маңыздылығы ескертілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.