15 қаңтарда «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адалдық пен әділдік» атты онлайн-кездесу өтті

Басты Бет

15 қаңтарда «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адалдық пен әділдік» атты онлайн-кездесу өтті

15 қаңтарда «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адалдық пен әділдік» атты онлайн-кездесу өтті.
Едрисова Мадина Кенесовна мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымының қатысушыларымен бірге адалдық пен әділдік күнделікті өмірде неліктен маңызды құндылық болып саналатынын талқылады. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісті, өмірлік мысалдар келтірді, сұрақтар қойды және адалдық пен әділдіктің мектеп парламентінің жұмысына қалай әсер ететінін талдады.