Мектебіміздің командасы Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарына қарасты әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері арасында өткен аудандық әскери-спорттық көпсайыста ІІІ орынға ие болды

Басты Бет

Мектебіміздің командасы Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарына қарасты әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері арасында өткен аудандық әскери-спорттық көпсайыста ІІІ орынға ие болды

Мектебіміздің командасы Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарына қарасты әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері арасында өткен аудандық әскери-спорттық көпсайыста ІІІ орынға ие болды. Бұл команда құрамында Алексеева Ксения 8В сынып оқушысы, Жунусов Бекасыл, Жунусов Нурасыл, Негодин Виталий 7В сынып оқушылары болды. Жарыс Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні аясында өткізілді.
Бұл жетістік – қажырлы дайындық пен биік рухтың, төзімділік пен отансүйгіштіктің нәтижесі. Жеңіске жеткен команда мүшелерін лайықты нәтижемен құттықтаймыз, алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Оқушыларды дайындағаны үшін Сериков Асан Нурлановичке ерекше алғыс білдіреміз!