Мектебіміздегі Жаңа жылдық мереке
Мектепте шамдар жарқырап, айналада ғажайыптың лебі сезіне бастағанда — бұл Жаңа жылдың жақындап қалғанының белгісі. Осы күні мектебіміз нағыз ертегі әлеміне айналып, оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар бір үлкен, тату отбасыдай мерекеге ат салысты.
Балалардың шат күлкісі, шынайы қуанышы мен көтеріңкі көңіл күйі мектептің әр бұрышын шаттыққа бөледі. Мерекелік бағдарлама барша қатысушыға ұмытылмас әсер сыйлап, нағыз жаңа жылдық сиқырды сезіндірді.
Бұл мерекенің ертегідей өтуіне белсенді қатысып, қолдау көрсеткен жандар:
Муканов Арман Маликовичке, Осипова Дина Танатовнаға, Сураганов Дархан Курманбаевичке — Аяз ата бейнесін сомдағандары үшін,
Төлебай Сабина Анарбековнаға — нәзік те көрікті Ақшақар бейнесі үшін,
Мукашева Орынбасар Жарасовнаға — мейірімді Аюдың жарқын әрі есте қаларлық бейнесін көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Ерекше алғысымыз — мерекенің көңілді де мазмұнды өтуіне үлес қосқан белсенді ата-аналарға:
4 «А» және 1 «А» сыныптар атынан — Құрманғалиева Айгерим Муратовнаға, 2 «В» сыныбынан — Григорьева Надежда Владимировнаға,
2 «А» сыныбынан — Алдыбаева Анара Абаевнаға алғыс білдіреміз.
Бұл жаңа жылдық мереке баршаға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Оның жылы естеліктері жүректерде ұзақ сақталып, жаңа жылдың жарқын бастамасына айналсын!