26 желтоқсанда мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті

Басты Бет

26 желтоқсанда мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті

26 желтоқсанда мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті.
Кездесудің қонағы — Energo University университетінің 1-курс студенті Нұрәлі Мұхамеджан болды.
Нұрәлі ҰБТ-ға дайындалу бойынша жеке тәжірибесімен бөлісіп, дайындық курстары, түрлі жоғары оқу орындарына грантқа өту баллдары туралы айтты. Сондай-ақ өзі оқып жатқан университет ұсынатын мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды:
білім беру бағдарламалары мен мамандықтар;
қос дипломды білім беру бағдарламалары;
шетелдік тағылымдамалар;
тәжірибеден өту мүмкіндіктері.
Нұрәлидің бейіндік пәндері — математика мен физика болды. ҰБТ-дан аса жоғары балл жинамаса да, нәтижелерді дұрыс талдаудың (Eduser қосымшасы арқылы) арқасында Алматы қаласындағы болашағы зор жоғары оқу орнына грантқа түсе алды.
Кездесу пайдалы әрі мотивациялық сипатқа ие болды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құнды кеңестерге ие болды. Кездесу РҚБ «Сенімен Болашақ» ұйымының филиал жетекшісі Мұхамеджан Жанат Кабдульрахимовичтің қолдауымен өтті.