Біздің мектебімізде оқушылар мен ұстаздардың жетістіктеріне деген қуаныш пен мақтанышқа толы салтанатты сап түзеу өтті

Басты Бет

Біздің мектебімізде оқушылар мен ұстаздардың жетістіктеріне деген қуаныш пен мақтанышқа толы салтанатты сап түзеу өтті

Біздің мектебімізде оқушылар мен ұстаздардың жетістіктеріне деген қуаныш пен мақтанышқа толы салтанатты сап түзеу өтті. Іс-шара барысында аудандық және облыстық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар, сондай-ақ білім беру ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіби жетістіктері үшін ұстаздар марапатталды.
Мектебіміздің ерекше мақтанышы — тарих пәнінің мұғалімі Закирин Думан Қайратұлының жетістігі. Ол «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, ІІ орынға ие болды.
Бұл жеңіс — шығармашылық ізденіс пен жаңашыл ойдың, тынымсыз еңбектің айқын нәтижесі. Алда — республикалық кезең. Бұл сында Думан Қайратұлы облысымыздың намысын абыроймен қорғайтын болады.
Жүлдегер атанған барлық оқушылар мен ұстаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер, биік белестер, сарқылмас шабыт тілейміз!