Күш. Мінез. Жеңіс.
Қыздар күресі бойынша өткен ашық облыстық фестиваль өз мәресіне жетті. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының ең мықты командаларымен қатар Ақтау, Павлодар, Орал, Көкшетау қалаларынан келген спортшылар қатысты.
Ерекше мақтанышпен хабарлаймыз:
Новикова Елизавета — I орын, сенімді әрі лайықты жеңіс!
Мальцева Ирина нағыз жауынгерлік мінезі мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Тартысты белдесуде ол жүлдеге бір қадам жетпей, қола жүлде үшін өткен белдесуде ұтылып, 5 орын иеленді.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушысы Байгожин Бахтияр Серікұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер — рух күші, еңбекқорлық пен биік мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісісіздер. Алда әлі талай жеңіс пен жарқын жетістіктер көп болсын!