Жеңіспен құттықтаймыз!

Басты Бет

Жеңіспен құттықтаймыз!

Жеңіспен құттықтаймыз!

Үлкен мақтанышпен мектебіміздің оқушылары Жунусов Аят Негодин Виталий спорттық робототехника бойынша өткен «ROBOTIME» облыстық жарысында SUMO 15×15 санаты бойынша I орын иеленгенін хабарлаймыз! 

Бұл — оқушы мен педагогтің табанды еңбегі, шыдамдылығы және нағыз командалық жұмысының нәтижесі. Жеңіс жаңа мүмкіндіктерге жол ашты — оқушымыз «Пиксель» IT-технологияларының Жазғы академиясына (2026) тегін қатысуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды. 

Сондай-ақ осы байқауда мектебіміздің оқушылары Жунусов Нурасыл мен Жунусов Бекасыл жүлделі III орынға ие болды.

Жеңімпазды және команда жетекшісі Жакаев Данияр Қанатұлын шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа идеялар, жарқын жобалар және толағай табыстар тілейміз!