Бүгін Қызылжар Абай орта мектебінде тарих, орыс және ағылшын тілі мұғалімдерінің облыстық семинары өтті!
Семинар жұмысына Аққайың, Қызылжар және Мамлют аудандарының педагогтері, сондай-ақ «Ботай» мұражай-қорығының және Солтүстік Қазақстан облысының мәдени мұраны қорғау орталығының өкілдері қатысты. Мектептің кітапхана аймағында ұйымдастырылған көрме іс-шараға ерекше ғылыми-тарихи мән берді.
Семинар гуманитарлық пәндерде оқушылардың сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын және цифрлық құзыреттілігін дамытуға арналды.
Мектеп директоры Ермаганбетова А.К. жүргізген тренинг барысында қатысушылар аналитикалық және сыни ойлауды қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылады.
Мектебіміздің мұғалімдері Кулагина В.А., Осипова М.У., Муканов А.М., Төлебай С.А. өткізген ашық сабақтар қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.
Семинар барысында педагогтер Закирин Д.К. ұйымдастырған дөңгелек үстелде тәжірибе алмасып, Шрайбер Е.И. өткізген «Мәтіннен мағынаға: оқушылардың сыни және цифрлық ойлауын дамыту» атты мастер-класста жаңа әдістермен танысты.
Сондай-ақ жас мамандар да — Шунгульшина М.А., Сейтқазы Р.М., Донских Э.С. — «Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.
Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, практикалық маңыздылығы мен ақпараттылығын ерекше атап өтті.
Шара аясында біздің мектеп пен «Ботай» мұражай-қорығының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат білім беру жобаларын дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ археологиялық және этнографиялық материалдарды оқу үдерісіне енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.