Осы аптада 9–11 сынып оқушылары арасында кәсіби таңдау тақырыбына арналған дебат турнирі өтті

Басты Бет

Осы аптада 9–11 сынып оқушылары арасында кәсіби таңдау тақырыбына арналған дебат турнирі өтті

Осы аптада 9–11 сынып оқушылары арасында кәсіби таңдау тақырыбына арналған дебат турнирі өтті. Оқушылар өзекті мәселе бойынша: “Сүйікті ісіңді таңдаған дұрыс па, әлде беделді жұмыс пен тұрақтылықты таңдаған жөн бе?” — деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты.
Парламент командасы нағыз жетістік адам жаны қалап істейтін іс арқылы келетінін дәлелдеді. Ал Оппозиция командасы беделді мамандық тұрақтылық пен кең мүмкіндіктер сыйлайтынын сенімді түрде қорғады.
Калашников Михаил Николаевич пен Муканов Арман Маликович ұйымдастырған дебат турнирі мазмұнды да қызықты өтті: қатысушылар өз ойларын сенімді жеткізіп, қарсы тараптың пікірлеріне шебер жауап берді.
Жеңімпаз атанған Парламент тобы. Команда құрамы:
Аипова Самира, Сұлтанахмет Ахмет және Рахимов Алибек.
Бұл шара оқушыларға кәсіби бағытты әр қырынан қарастырып, сенімді сөйлей білу дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік болды.