“Мен жетістігімді еліме арнаймын” челленджі

Басты Бет

“Мен жетістігімді еліме арнаймын” челленджі

“Мен жетістігімді еліме арнаймын” челленджі
Мектебіміздің оқушылары елімізге деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және болашаққа деген нық сенімін көрсете отырып, республикалық челленджге белсенді қатысты.
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тірегі.
Біздің оқушылар өз жетістігін тек жеке мақсат емес, Отан игілігіне бағытталған еңбек деп түсінеді. Спорттағы жеңіс, білімдегі табыс, өнердегі өрлеу – барлығы да туған елдің мерейін асыру үшін!
“Елімнің болашағы – менің қолымда” деген сеніммен қадам басқан жас ұландарымызға биік белестер тілейміз!
Жетістікке жетіп қана қоймай, оны еліңе арнау – нағыз азаматтық парыз!