Қызылжар ауданы прокуратурасының бастамасымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында
бүгін, 2025 жылдың 28 қарашасында, 9–11 сынып оқушыларына «Закладка» фильмі көрсетілді.
Іс-шара жасөспірімдердің жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Оқушылар фильмді мұқият қарап, ондағы маңызды мәселелер бойынша ой бөлісті.