Құрметті достар, қадірлі ата-аналар!
Бүгін әрбір оқушы үшін, әсіресе алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше әрі толқулы күн - Білім күні. Осы күні Қызылжар Абай орта мектебінде қуаныш пен мерекелік көңіл-күй орнады.
1 қыркүйекке арналған салтанатты жиынға оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар жиналды. Мерекенің басты кейіпкерлері – біздің сүйікті 1-сынып оқушылары болды. Олар үшін алғашқы қоңырау соғылып, білімге бастар жаңа да қызықты жол ашылды.
Жиыннан кейін оқушыларды көңілді ойындар, эстафеталар мен флешмоб күтіп тұрды. Әрқайсысы белсенділік танытып, күш пен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Жаңа оқу жылы қуанышты, әсерлі және шабыт сыйлап басталды. Бұл жыл баршамызға береке мен жаңа жетістіктер әкелсін!