Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары Харченко София (8 «В» сынып) мен Мурзабекова Диана (10 «А» сынып) мектеп өміріне белсене қатысқандары, олимпиадалар мен пікірсайыс турнирлеріндегі жетістіктері үшін «Қызылжар Абай орта мектебі» Корпоративтік қорының басқарушы ұйымы тарапынан «Сокол» лагеріне жолдамамен марапатталды.
Қыздар түрлі танымдық әрі қызықты іс-шараларға қатысып, жаңа достар тауып, көптеген жағымды эмоцияларға бөленді.
Мұндай демалыс – олардың еңбегіне лайық марапат әрі алдағы жетістіктерге тамаша ынталандыру болды!