«Суды үнемде – болашақты сақта!»
18 сәуір күні Қызылжар Абай орта мектебінде еліміздің барлық өңірлерімен бір уақытта «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Оқушылар су ресурстарының маңыздылығы мен шектеулілігі туралы мәлімет алды. Ғаламдық жылыну, қуаңшылық пен климаттың өзгеруі ауызсуға қолжетімділікке қалай әсер ететіні талқыланды. Әрқайсысы суды үнемдеудің – ертеңгі күнге қосқан үлес екенін түсінді.
Суға ұқыпты қарау – әр азаматтың борышы!