Телефонсыз бір күн!

Басты Бет

Телефонсыз бір күн!

Телефонсыз бір күн!

Бүгін мектебімізде «Телефонсыз бір күн» атты акция өтті. Іс-шараны тәлімгер А.О. Наушина мен мектеп парламентінің мүшелері 3–4 сынып оқушылары үшін ұйымдастырды.

Оқушылар гаджеттерсіз бір күн өткізіп, тірі қарым-қатынасқа, қызықты ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға ден қойды.

Бұл – шынайы қарым-қатынастың қуанышын сезініп, қиял мен белсенділікті дамытуға тамаша мүмкіндік болды.

Осындай іс-шаралар бірге өткізілген уақыттың қадірін түсінуге, мектеп өмірін жарқын әрі мазмұнды етуге ықпал етеді!