1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Басты Бет

1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап, биыл 1 сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, – деп хабарлайды.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа балалар ата-ананың өтініші негізінде 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды egov.kz электрондық үкімет порталы, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы немесе қағаз түрінде 1 сәуірден 31 тамызға дейін тапсыруға болады.

Қазақстан азаматтары үшін мектепке қабылдау кезінде қажетті құжаттар тізімі:

1) ата-ананың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

2) баланың денсаулық жағдайы туралы № 065-у анықтамасы және № 052-2/у денсаулық паспорты;

3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.

Шетелдік азаматтар үшін:

Баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы тиіс. Шетелдік азаматтар мектепке қабылдану үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат пен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу белгісін ұсынуы қажет.

Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады (демалыс және мереке күндерінен басқа).

Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, мектепке қабылдау мәселесін алдын ала шешуді сұраймыз.