Мектебіміздегі кәсіби бағдар жұмысы

Басты Бет

Мектебіміздегі кәсіби бағдар жұмысы

Мектебіміздегі кәсіби бағдар жұмысы

Бүгін кәсіби бағдар жұмысы аясында мектебімізге КМҚК «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің» өкілдері – Базарбаев Назбек Ақмағанбетович пен Сыздыкова Айгүл Сурағанқызы келді.

Олар оқушыларға колледждегі оқу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат берді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қабылдау ережелері мен студенттік өмір туралы мағлұмат алды.

Колледж өкілдеріне пайдалы әрі танымдық кездесу үшін алғысымызды білдіреміз! Бұл кездесу түлектерімізге болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі деп үміттенеміз.